Кітапхана қоры

Кітапхана қоры

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы —  арнайы жабдықталған балалар кітапханасы және балалар үшін қызмет ететін кітапханалардың әдістемелік-библиографиялық орталығы ретінде дамыған.

Балалар кітапханасы – білім беретін, бос уақытты тиімді пайдаланатын, ақпараттық және коммуникативі орталық. Осыдан барып, қорға алынатын құжаттар тізімі туындайды. Бұл балаларға арналған дүниежүзілік үздік әдебиеттер, осы заманғы балалар көркем әдебиеті (отандық және шетелдік), оқу процесіне көмектесетін салалық және анықтамалық әдебиеттер, балаларға арналған мерзімді басылымдар, адио және бейне материалдар.

Кітап саудасымен айналысатын ұйымдармен сенімді іскерлік қарым-қатынас құрылған. Кітапханада, қормен жұмыс істеуге көмек ретінде, құжаттарды көпаспектілі іздеуге мүмкіндік беретін каталогтар мен картотекалар жүйесі құрылған.

Қазіргі таңда кітап қоры -229 430 дана.

  • Бұлар балаларға арналған дүниежүзілік үздік әдебиеттер,
  • осы заманғы балалар көркем әдебиеті (отандық және шетелдік),
  • оқу процесіне көмектесетін салалық және анықтамалық әдебиеттер,
  • мерзімді басылымдар,
  • аудио және бейне материалдар,
  • электронды басылымдар.