Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихы

          Мемлекетіміздің өркениетті даму деңгейіне жетуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы – оқырмандарды білім нәрімен сусындатып отырған рухани қазына орталығы.

          Облыстық балалар кітапханасы өз қызметін 1961 жылы 340 дана кітап қорымен бір ғана шағын бөлмеде 4 қызметкермен бастау алған болатын.

          1976 жылы облыстық балалар кітапханасына Шымкент қаласының В.И.Ленин (қазіргі әл-Фараби) көшесінің бойындағы 9 қабатты үйдің 1-қабатынан орын беріліп, сол жылы 23 наурызда қазақтың ұлы ғалымы, педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталған болатын.

         2024 жылдан бастап Шымкент қаласынан облыс орталығы Түркістан қаласына көшіп келіп орналасты. 2026 жылдың басында кітапхананың 65 жылдық мерейтойына орай жаңа ғимарат беріліп, киелі Түркістан жерінен жаңа тыныста өз жұмысын бастады.

         ОБК –балаларды кітаппен және ақпаратпен қамтамасыз ететін аудандық, қалалық, ауылдық балалар кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылады.