Пайдалану ережелері
23.04.2026 2026-04-24 16:49Пайдалану ережелері
І. Жалпы ережелері
1.1 Кітапхананы пайдалану ережесі ҚР Конститутциясы, «ҚР кітапхана ісі туралы ереже», «ҚР Мәдениет министірлігінің кітапханалар жүйесін пайдалану тәртібі», «ҚР Мәдениет туралы заңы» негізінде әзірленіп Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекеменінің жарғысы негізінде Құрастылылды.
1.2 Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемені балаларға кітапханалық қызмет көрсету мәселесі бойынша арнайы мәдени, білім беретін, ақпараттық және әдістемелік орталық болып табылады.
1.3 Кітапхана қорды құрайтын кітаптарды, мерзімдік басылымдарға, кинофотоқұжаттарға және басқа құжаттарға қоғамдық пайдалануды ұйымдастырады.
1.4 Кітапхана қорлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылады және мемлекет қорғауында болады.
1.5. Кітапхананың негізгі қызметін пайдалану тегін.
1.6. Кітапханада аптаның дүйсенбі–жұма аралықтағы күндері оқырмандарға 09:00-18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-14:00 аралығы) қызмет көрсетеді. Сенбі-жексенбі күндері кезекшілік түзіліп жұмысқа түседі. Сол түскен күніне басқа күні демалыс (отгул) беріледі.
ІІ. Кітапхана оқырмандарының құқықтары мен міндеттері
2.1. Кітапхнаны пайдалану құқығына мектеп жасына дейінгі, 1-9 сынып оқырмандары және балалар оқуының жетекшілері (БОЖ) ие бола алады. (ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер)
2.2. Пайдаланушылар:
— қордан басылымдарды және басқа материалдарды уақытша үйге алуға немесе оқу залында пайдалануға;
— анықтама – библиографиялық, ақпараттық қызметтің түрлерін, тағы басқа кітапханада көрсетілетін ақылы, ақысыз қызметтің түрлерін пайдалануға;
— оқырмандарға арналған көпшілік іс – шаралардың барлығына, қызығушылық клубтарына және басқа оқырмандар бірлестіктеріне қатысуға құқылы;
— кітапхана жұмысы туралы өз пікірін жазбаша немесе ауызша білдіруге, ОБК-ның қызметін жетілдіруге ұсыныстар енгізуге.
2.3. Кітапханаға жас оқырмандар ата-анасының немесе қамқоршысының кепілдік хатынының негізінде тіркелінеді. Мекен – жайы немесе фамилиясы өзгерген жағдайда оқырман кітапханаға хабарлауы керек.
2.4. Кітапханаға жазылған оқырман кітапхананы пайдалану ережесімен танысып, оны орындауға міндеттенетінін оқырман формулярына қол қоюмен бекітеді.
2.5. Пайдаланушы басылымдарды немесе басқа да құжаттарды 10-15 күндік мерзімге үйге ала алады. Жаңа журналдарды және сұранысқа ие басқа басылымдарды пайдалану мерзімін кітапхана белгілейді. Анықтамалық басылымдардың жалғыз данасы, сирек және бағалы басылымдар үйге берілмейді.
2.6. Пайдаланушы:
— жыл сайын кітапханада қайта тіркеуден өтуге;
— кітапты мұқият ұстауға, кітапты аларда оның бүтіндігін тексеріп ақауы болса кітапханашыға хабарлауға;
— беттерді бүктемеуге, жыртпауға, кітап бетіне жазбауға, егер оқырман формулярына жазылмаса, кітапханадан алып шықпауға;
— белгіленген уақытта қайтаруға;
— ашық сөрелер мен кітап көрмелеріне қойылған баспа шығармаларын және басқа материалдардың орнын ауыстырмауға;
— каталогтар мен картотекалардан карточкаларды алмауға;
— қоғамғамдық тәртіптің жалпыға бірдей ережелерін сақтауға, кітапхана қызметкерлерімен оның оқырмандарының құқын сыйлауға міндетті.
2.7. Кітапхана қорына зиян келтірушілер ҚР заңдарына сәйкес материалдық, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
2.8. Кітапхана қорының басылымдарын жоғалтып алған немесе бүлдірген жағдайда жеке оқырмандар, мекемелер мен ұйымдар орнына осындай немесе мазмұны мен бағасы жағынан лайық басылым өткізеді.