Облыстық балалар кітапханасы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған республикалық шараға қатысты.

Облыстық балалар кітапханасы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған республикалық шараға қатысты.

WhatsApp Image 2026-04-21 at 14.31.43 (1)
Жаңалықтар

Облыстық балалар кітапханасы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған республикалық шараға қатысты.

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай Алматы қалалық С.Бегалин атындағы балалар кітапханасында «Рухани мұра қамқоры» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты – Сапарғали Бегалиннің әдеби мұрасын кеңінен дәріптеу, оның шығармалары арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту, ұлттық тәрбиені насихаттау және балалар әдебиетінің дамуындағы рөлін бағамдау. Аталған шараға Түркістан және Алматы облысының кітапханашылары, танымал әдебиеттанушылар мен қаламгерлер, ұстаздар мен жас оқырмандар, сондай-ақ жазушының ұрпақтары қатысты. Балалар ән шырқап, Сапарғали Бегалиннің шығармаларынан үзінділер оқып, жазушының туындыларына арналған әдеби галлереясын таныстырды. Шара барысында Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры — Летаев Рысбек Ермекұлы сөз сөйлеп, Сапарғали Бегалиннің балалар әдебиетіндегі орны мен оның шығармаларының өскелең ұрпаққа тәрбиелік маңызы жайлы пікір білдірді. Сонымен қатар, Қазақ балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің немере қызы — Бегалина Гульнар Хамитовна және Сапарғали Бегалиннің шөбересі — Бегалин Ернар Алтайұлы және Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, ақын — Сайлаубай Тойлыбаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.д. докторант — Абуова Бибижан Паркуловна сөз алып, қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланып, баяндамалар мен естеліктер тыңдалды.  Сондай-ақ, жазушының артында қалған рухани мұрасының ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен ұлттық әдебиеттегі маңызы кеңінен талқыланып, әсерлі естеліктер мен мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Шара соңында кітапхана директоры Рысбек Ермекұлы шарада өнер көрсеткен мектеп оқушылары мен Алматы қалалық С.Бегалин атындағы балалар кітапханасына кәдесый ретінде Гүлжаз Қарыбектің «Достардың махаббаты» кітабын сыйға тартты. Сондай-ақ, С.Бегалиннің немере қызы кітапханамызға өзінің авторлық «Сапекең» кітабын сыйға тартты. Бұл жиын – Сапарғали Бегалиннің рухани мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізудің, оны ұлықтап, бағалаудың тағы бір жарқын көрінісі болды. Балалар әдебиетінің алтын діңгегі саналатын қаламгердің аты мен еңбегі әрдайым ел жадында сақталып, болашақ буынға өнеге болып қала бермек.

Фотогалерея